Ардагер дәрігер, журналист әрі қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлы елімізге мысқалдап кіріп жатқан Қытай экспансиясына алаңдаушылық білдіріп тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жер жанашырының айтынша, Қытай басқа шетелдіктердей емес қазақ жеріне ұзағынан қалу үшін олар айырбасқа барады жер сұрайды не басқа өндіріс секторларының құнды қағаз - активтік үлесін қалайды. «Сырт елдерге қарыздану барлық мемлекеттің тәжірибесінде бар. Алайда елдің саяси-экономикалық әлеуетінің күшті не әлсіздігіне байланысты әлгі қарыз кейде маңдайға сор болып та тиіп жатады. Қарыз қайтармасаң, басқаша есептесу принципі алға шығады. Мұндайда борышкер елдің кейбір саяси немесе экономикалық мүддесі аяққа тапталуы ықтимал. Бүгінде Қазақстан да осындай қиын жағдайда тұр.
Қытайдың Қазақстанмен жасасқан келісімінің құны - 23 миллиард доллар. Біздің билік халықты: "Қытай алдында мемлекеттік қарызымыз жоқ, тек кепілдендірілген қарыз бар. Оның көлемі – 1,2 млрд доллар. Бұл қаражат Қытай Эксимбанкінен және Қытай мемлекеттік даму банкінен автожолдар жобасын жүзеге асыру үшін алынған", - деп сендіргісі келеді. Биліктің айтуынша, кепілдендірілген несиенің ерекшелігі – ол ұлттық жеке компаниялардың қарызы болған соң, үкіметтік қарызға саналмайды екен. Дегенмен бұл қазақ үшін бұл алаңдатарлық жағдай. Жоғарыда отырған Бәкең Сәкең, Мәкеңдердің қолдан жасаған күманды квазиұлттық компаниялары ертең қарыздарын қайтара алмаса өздерін банкорт жариялайды да бар қарызын (миллиардтарын) кепіл болған Үкіметке итере салуы да әбден мүмкін. Өйткені, соның ішінде қытайдан қарыз алған қазақстандық квази «ұлттық компаниялардың» барлығы биліктің: Үкімет айналасы мен Министрлердің, Парламент депутаттарының балалары мен туыстарыныкі екені белгілі. Себебі, бізде – отбасылық-кландық мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты квази құрылымдармен біте қайнасуы, солардың жетекшілігінде отырған жеке және заңды тұлғалармен сыбайластығы әуелден жақсы жолға қойылған», , - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Сонымен қатар ол мұндай әрекеттің арты Қазақстанды Қытайдың бодандығына алып келуі мүмкін екенін ескерткен.
«Біз қазақстандық көлеңкедегі квазимемлекеттік компаниялардың (ондайлар жоқ деп те айта алмаймыз) берешегі кепіл болған ҚР Үкіметінің есебіне өтеді ме деп алаңдаймыз. 23 МИЛЛИАРД ДОЛЛАР қарыз «Ұлттық Қордан» қытайға еселеп қайтарылатын жағдайға келмейміз бе?. Ұлттық экономика министрлігі таратқан ақпарат бойынша: «Мемлекеттік сыртқы қарыз ел борышының бар жоғы 8,2%-ын немесе 13,2 млрд доллар құраса, ал квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы – 12,5% немесе 20,1 млрд долларды құрайды екен.
Мәселенің ең қауіпті тұсы мынада. Қарызын өтей алмай өздерін банкрот жариялаған қазақстандық квазимемлекеттік компаниялар көп ұзамай қытайдың меншігіне өтетін болады. Яғни несие беруші қытай борышерды барлық мүлкін сатуға мәжбүр етеді. Пакет акциясының басымдық үлесін иеленеді. Қытай иелігіне өткен сектор біртіндеп қытай үкіметі қаржыландыратын, соның шикізатына ғана тәуелді тауарлар шығарып, өнімін бұл аймақтағы бағадан төмен сатып, жергілікті қазақстандық өндіріс орындарын нарықтан ығыстырып, банкоротқа түсіреді. Ірі және табысы жоғары кәсіпорындарды қолына алған қытай біртіндеп енді жергілікті шағын және орта бизнесті де өздеріне жұмыс жасауға мәжбүрлейтін болады. Бұл өз кезегінде қытайдың экономикалық экспансиясына, абсолютті үстемдігіне әкелетін және бір алғы шарт. Қытай басқа шетелдіктердей емес қазақ жеріне ұзағынан қалу үшін олар айырбасқа барады жер сұрайды не басқа өндіріс секторларының құнды қағаз - активтік үлесін қалайды...
Мұндай қойылымға «Қазатомпром» ҰК Түркістан облысына қарасты Жалпақ және Орталық Мыңқұдық кен орындарында уран өндіріп отырған «Орталық КӨ» ЖШС-нің 49% активінің Қытайдың China General Nuclear Power Corporation (CGNPC) компаниясына сатылғанын келтіруге болады. Кім біледі, Қытай «Орталық КӨ» ЖШС-нің 49% активтік үлесін бізге белгісіз қазақстандық квазимемлекеттік компанияның борышы есебінен иеленген шығар??? Бұл да халықпен келісілмеген екі-жақты келісім-шарт (мүдделес топтардың) болды. Бұлай жалғаса берсе, уақыт өте келе Қазақстан толықтай қытай пайдасына ғана жұмыс жасайтын инфрақұрылым, әскери стратегиялық өндіріс аймағына айналады да шығады. Ал Қытай сырт мемлекеттердегі өзінің кез келген өндіріс ошақтарын әскермен қорғауға, қажет етсе кіргізуге дайын екенін ашық айтып та жүр...
Залымнан қарыз алма - өсім салады - тоқетері Қытайдың Қазақстанға деген саяси ықпалы әріптес ретінде емес, «экономикалық отарлау объектісі» ретінде күн санап артып келеді.
Ендеше Ойлан Қазақ!!! Билік бізді қайда сүйреп келеді? Қарызды қайтара аламыз ба, әлде Қытайдың бодандығына біржола өтеміз бе?», - деп атап өткен жазба авторы.