Тәжікстан астанасындағы Ұлт сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ресми кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz Тәжікстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі елдің басшылары саяси, дипломатиялық, парламентаралық, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.
"Қазақстан мен Тәжікстан тәжік студенттерін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытуға квоталар санын көбейту туралы уағдаласты. Сонымен қатар, Тәжікстанда Қазақстанның жоғары оқу орындарын ашу жоспарланып отыр", - деп жазады Эмомали Рахмонның баспасөз қызметі. Сонымен қатар, Тәжікстан басшысы Қазақстанға коронавируспен күресте гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Тараптар ғылым мен білім, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты талқылады.