$ 494.87  520.65  4.91

«Лукашенконың мұндай ессіз әрекеті Беларусьты құрдымға жіберуі мүмкін» - сарапшы

ЕО елдері Беларусь еліне берейін деп отырған 3 млрд еуро берілмейтін болды. 800 млн долларды Путиннен жалынып сұрап жүретін Лукашенко үшін бұл үлкен соққы.
Фото: ren.tv
Фото: ren.tv

Беларусь басшысы Александр Лукашенконың оппозициялық бағыттағы бір журналист үшін арнайы истребитель жіберіп, Ryanair ұшағын мәжбүрлі түрде қондыруы үлкен шуға ұласып кетті. Сарапшылар мұны халықаралық нормаларды қорлау деп бағалап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сарапшы Асхат Қасенғалидың айтуынша, бұл халықаралық авиация тарихындағы үлкен қылмыс ретінде тіркелуі мүмкін екені айтады. Әрі Лукашенконың мұндай ессіз әрекеті Беларусьты құрдымға жіберуі мүмкін. 

«Лукашенко халықаралық авиация тарихындағы үлкен қылмысқа барып, бір елдің ұшағын жойғыш ұшақпен қорқытып, өз әуежайына қондырып, ішіндегі 25 жастағы жігітті тұтқындады. Ақталуы да қызық. "Ұшақта бомба болуы мүмкін" деген хабарлама жетті дейді. Қысқасы енді жасаған қылмысы үшін жауап беруі тиіс қой. Әзірге мынандай шешімдер қабылданды: 

- ЕО елдері Беларусь еліне берейін деп отырған 3 млрд еуро берілмейтін болды. 800 млн долларды Путиннен жалынып сұрап жүретін Лукаш үшін бұл үлкен соққы. Бірақ сыртқа білдіргісi келмейді. 

- ЕО ертең Беларусьтың авиациялық секторына, бизнес және экономикасына санкция салу мәселесін талқылайды. 

- Украина Беларусьпен әуе қатынасын үзді. Ол Беларусь аспанын айналып өтеді.

- Латвия барлық Беларусь дипломаттарын еліне қайтарды. 

- Белнефтхим және Беларускальияға қарсы санкциялар дайындалып жатыр. 

- Ұлыбритания "Белавиа" ұшақтарының ұшып кіруіне тыйым салды. Швецияның SAS авиакомпаниясы Беларусь үстімен ұшпайтын болды.

Осының бәрі жынды диктатордың бір ғана ессіз әрекетінен кейін іске асты. Бір адамды ұстаймын деп еліне осыншалықты соққы алып келді. Ал ұсталған Роман Протасевич тіпті NEXTA арнасынан кетіп қалғанына біраз уақыт болған еді ғой. 

Ертеңнен бастап санкция күшейеді, бұл Минскті әлсірете береді. Демек Мәскеуге деген тәуелділігі арта түседі», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Өткен жексенбі күні Ryanair ұшағы Еуропа одағы елдерінің ішкі рейсін орындау барысында Грекия астанасы Афиныдан Латвия астанасы Вильнюське ұшып бара жатып, "бортта бомба бар" деген себеппен истребительдердің көмегімен күштеп Беларусь астанасы Минскке қондырылған болатын.

Ұшақ қонысымен, бомба туралы ақпарат өтірік болып шыққаны хабарланып, бортта болған журналист Роман Протасевич тұтқындалған.

Ұшақты мәжбүрлі қондыру туралы бұйрықты Белорусь президенті Александр Лукашенконің жеке өзі берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары