$ 448.15  483.46  4.86

«Рейтинг үшін миллиондап қаржы бөлу енді тоқтайды» - заңгер

Халықтың үні Президентке жетіп, халықтың пайдасына шешілетін заңдар шығарылуда. Бұл – үлкен жетістік!
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

«Халықтың үні Президентке жетті», дейді заңгер Айгүл Орынбек.  Айта кетейік, күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған болатын.

Елге қызмет жасайтын әкімді халық енді өзі сайлайды. Бұрын әкімдер жоғарыға өтірік есеп тапсырып, өз есебін түгендесе, ендігі әкімдер халықтың ойынан шығу үшін жұмыс істейтін болады. Ауылдардағы мәселелер тойымсыз, жемқор әкімдердің кесірінен шешілмей жатқанын көз көріп жүр. Су жоқ, газ жоқ, жарық жоқ ауылдар әлі бар. Ал әкімдер оның бәріне ақша бөлініп, халық суға да, газға да қарық болып отырғандай есеп тапсырады. Олар тіпті рейтинг үшін миллиондап қаржы бөлетіндерін де білдік. Енді мұның бәрі тоқтайды, - деді ол. 

Орынбек халықтың пайдасына шешілетін заңдардың шығарылып жатқанын үлкен жетістікке балайды.

Ұлттық кеңес мүшелерінің Президентке «әкімдерді тікелей халық сайлау керек»,  деп ұсынған едік. Бүгін Президентіміз заңға қол қойды. Тіпті «бәріне қарсы» деген бағанды да қосуға рұқсат берді. Халықтың үні Президентке жетіп, халықтың пайдасына шешілетін заңдар шығарылуда. Бұл – үлкен жетістік!, - деп жазды заңгер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары