$ 449.58  486.94  4.86

«Бомба қойылды деген желеумен ұшақтағы адамды тұтқындау - шын мәнінде террорлық әрекетке жатады» - сарапшы

Әрі бұрын-соңды кездеспеген оқиға.
Фото: ren.tv
Фото: ren.tv

Кейбір сарапшылардың "Лукашенконың ойланбай жасаған ессіз әрекеті Беларусь елін құрдымға жіберуі мүмкін" деген жорамалы расқа айнала бастаған сыңайлы. Өткен түнде тағы бірнеше әуекомпаниясының Беларусь кеңістігінен бас тартқаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олардың қатарында француздың «Эйр Франс», Австрияның «Аустриан Эйрлайнс», Финляндияның «Финэйр», Сингапурдың «Сингапур Эйрлайнс» компаниялары бар. 

Бұған дейін Германия, Нидераланд, Польша, Латвия мен Швеция тасымалдаушылары да Беларусь әуесімен ұшуды тоқтатқан еді.

Сондай-ақ ертеңнен бастап Украина Беларусьпен арадағы әуе қатынасын үзбек ойлары бар екенін мәлімдеді.  

Бұл шешімге қатысты ресми Минск наразылық нотасын білдірді. Ал Беларусьтың «Белавиа» компаниясы 30 қазанға дейін Лондон мен Парижге барлық сапарларын тоқтатты. Коммерсант басылымының хабарауынша, салдарынан Минск жылына 60-70 миллион доллардан қағылуы мүмкін. Бұған дейін Еурокомиссия еуропалық компанияларға Беларусь аспанымен ұшпауға кеңес берген еді деп жазады nege.kz порталы.

Айтпақшы, Air Astana компаниясы да Алматы-Минск бағытындағы тікелей рейсін тоқтатқаны белгілі болды. Алайда компания өкілдері мұны коммерциялық жүктеменің төмендеуіне байланысты деп түсіндірді. Аталмыш бағыт бойынша рейсті орындау 31 мамырға жоспарланыпты. 

Белгілі сарапшы Қуаныш Еділхантегі бұл әрекеттің салдары өте ауыр болатынын айтқан еді. Оның сөзінше, бұл террорлық әрекетке жатады әрі бұрын-соңды кездеспеген оқиға.

«Беларусь аспанындағы оқиға үлкен халықаралық резонанс тудыруы мүмкін. Еуроодақ елдері бұдан былай Беларусь аспанын пайдаланудан бас тартуы немесе Беларуске ұшатын барлық ұшақтар тоқтатылуы мүмкін. Себебі ұшаққа бомба қойылды деп үкіметтің ресми өкілдерінің жариялауы және ондағы адамды тұтқындауы - шын мәнінде террорлық әрекетке жатады және бұған дейін бұрын-соңды кездеспеген оқиға екен», - деп атап өткен болатын. 

Кейін ол өзінің ФБ парақшасында Ұлыбритания өз авиакомпанияларын Беларустің үстінен өтпеуге міндеттеп, сонымен қатар беларустің Belavia компаниясына елге келуге тыйым салғанын жазды. «Польша мен Литва да солай жасады. Еуроодақ қазіргі уақытта осы мәселені қарап жатыр, шешімін таң ата білетін боламыз», - деп атап өткен өзінің facebook парақшасында.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары