Саясат 27.05.2021 сағат 16:40

«Кеңес көсемдері қазақтың малын ғана емес, далада жүрген аңын да тартып алып отырған» - журналист

1920 жылы қазақ аштан қырылып жатқанда Жетісу халқына аң-құс атып, аулауға тиым салынғанын айтып, құжатты жариялаған едім. 1930, яғни елде ашаршылық басталған жылдан бастап, тұтас КСРО да дала тағыларын атып, орталыққа жөнелту жұмыстары ұйымдастырылған.
«Кеңес көсемдері қазақтың малын ғана емес, далада жүрген аңын да тартып алып отырған» - журналист
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Белгілі журналист Серік Әбікенұлы өзінің facebook парақшасында қазақ тарихындағы ең ақтаңдақ беттерінің бірі  - ашаршылық қасыретіне қатысты тағы бір құжат жариялады. Бұл құжатта қазақтың санын азайту үшін қолдан аштық жасаған советтік жүйенің халықтың 40 млн бас малын ғана емес, далада жүрген аңына шейін тартып алғаны айтылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналистің жазуынша аталмыш құжат Жетісу өлкесінің Қаратал өңіріне қатысты архивтік мұрағаттар арасынан табылған. 

«Жылда 31-мамыр қарсаңында біраз құжат жариялайтын әдетім бар еді. Сол дәстүрді бұзбай бүгіннен бастап біртіндеп салайын: төмендегі құжат Жетісудың Қаратал өңіріне қатысты. 1932 жылы Қазкрайсоюз басшылары ауданның жабайы аң-құс етін дайындау кезіндегі сылбырлығына ашуланып, кінәлілерді жазала деп прокурорға шағым түсірген.

Естеріңізде болса 1920 жылы қазақ аштан қырылып жатқанда Жетісу халқына аң-құс атып, аулауға тиым салынғанын айтып, құжатты жариялаған едім. 1930, яғни елде ашаршылық басталған жылдан бастап, тұтас КСРО да дала тағыларын атып, орталыққа жөнелту жұмыстары ұйымдастырылған. Мәселен сол жылдың төртінші тоқсанында 149 т аң еті жиналыпты, оның 25 т қояндыкі, 123 т доңыздыкі, 1 т аюдың еті. Иә, аюға дейін атқызған, 1931 жылы 55 тонна аю еті әзірленіпті. Мұнда қаншасы қазақ даласынан жеткізілгенін білмедім.

Кеңес көсемдері қазақтың 40 млн бас малын ғана емес, далада жүрген аңын да тартып алып, қылғытып қойған», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар