Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Облыстық полиция департаменті бұл іс қазірдің өзінде тергеліп жатқанын және үш жігіт қамауға алынғанын хабарлады. Кадрлардан ер адам мен әйелдің жарақат алғаны көруге болады. Оқиға Қасымбек ауылында болғанын айтылды деп жазды kznews.kz
“Таңертең барлығымыз жұмысқа шығып жатқан кезде, есіктің алдында белгісіз ер адамның дәрет сындырып тұрғанын көріп ескерту жасадық. Ол былапыт сөздер айтып кетпей қойды. Әкем оны қуа бастады. Сол кезде үш ер адам келіп әкемді соғып тастады. Әкемді соғып жатқаннан кейін, анам араласқан, ол кісіні де соққының астына алған, атып тастаймыз деп қорқытқан. Үшеуі де ішімдікке мас болатын. Салдарынан әкем мен анамның миы шайқалып, ауыр жарақат алды”, – дейді ерлі-зайыптылардың ұлы. Алматы облысының полиция департаменті 2 маусымда Жамбыл аудандық полициясына Қасымбек ауылының тұрғыны өзін және оның күйеуін ұрған белгісіз үш адамға шара қолдану туралы жүгінгенін хабарлады.
«Тексеру барысында осы ауылдың 22-24 жастағы үш тұрғыны анықталып, ұсталды, бұл факт “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жәбірленушілердің алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізілді. Сонымен бірге медициналық сараптама күдіктінің екеуі мас күйінде болғанын көрсетті», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.