Ая есімді қазақстандық трансгендер туыстарынан кешірім сұрады. Түркістан облысының тумасы ешқандай отасыз жігіттен қызға айналғанын айтқан еді. Жалғыз қалған ол жақындарын сағынғанын айтып жылады, деп жазады stan.kz.
Трансгендер отбасын, жақындарын сағынғанын айтады. Алайда өзін қабылдамай ма деп қорқады. 9 ай бұрын жігіттен қызға айналған бойжеткен бар мұңын өлеңмен жеткізді.
Жанарымнан көрдіңдер ме бір мұңды,
Келем деп ем, келе алмадым, кім білді.
Сағынатын, сыйласатын бауырларым,
Сезбедіңдер көңілдегі кірбіңді.
Енді кеш қой, қайта алмаймын артыма
Жыласаң да, қинасаң да, талпына
Келтірдім мен үлкен таңба мойныма
Келтірдім кір еркек деген атыма
Сағынамын, мұңданамын, іздеймін.
Сендерді ойлап түндерде көз ілмеймін
Өткен шақты қуанышпен еске алып,
Келмейтінін қайтып оның сезбеймін
Күттім әке, аңсадым ғой иісіңді,
Ұлым деп бір күлімсірер кезіңді.
Арман боп кетті ол шақ келмеске,
Берсін Алла төрден орын пейіште.
Аяулы ана, ардақтайтын асылым,
Ақ сүт берген маматайым, асылым.
Өсті ұлың, ақтамады үмітті,
Кешір мені, тентек болған ұлыңды.
Асыл әпкем, қамқор едің сен бізге,
Ақыл беріп үлкен-кіші бәріне.
Алғыс айтам, қолдап қиын-қыстауда,,
Демеу бердің бауырым деп сен ғана.
Ағаларым, қалай қараймын сендерге,
Іні жоқ қой мендей болған сендерде.
Намыстанып өртендіңдер сеземін,
Амалым жоқ, ағатайым, не істермін.
Інілерім, артымнан ерген құлыншақтар,
Ағатай деп мені күткен сол бір шақтар,
Өсіпсіңдер лезде үлкен жігіт боп,
Аман болыңдар, үлкендерді тыңдаңдар.
Ағатай, маған неге айтпадың деп,
Сақтамашы сен маған ешқандай кек.
Келмедіңдер алып кетем бауырым деп,
Жақсы жағдай жазылуға болады сеп.
Көп ойланбай аттанар ем ауылға,
Сәлемдеме арқалап ап бауырға,
Бел байлар ем бауырларды көру үшін,
Төтеп берем деп өгейлердің дауылына.
Көңіл қалды бауырымнан арқалаған,
Сүрінсем сүйеу болып паналатқан.
Қаным тулап көзден тамшы жас ақты,
Өзендей боп ағып жатқан сай-саладан.
Студенттік кезімде болған еді,
Ажал келіп мені елден жалпар ма еді.
Елге айтуға намыстанып қорланып,
Іште сақтап бір шетте қалған едім.
Қара сумен қатқан нан асым болды,
Жылай-жылай көзімнің жасы солды.
Біреуге бір сөз айтсаң, өлтірем деп ,
Жіпсіз байлап тілім мен екі қолды.
Кеттім қашып ұмытармын бәлкім оны,
Кезі келді той жасайтын өскен ұлдың.
Керісінше ұлы кетті қызтеке боп,
Ұмытыңдар сендер де мендей сорды.
Бұны айту – маған оңай болмады,
Ел де мені сөзбен сабап сынады.
Қайтқым келед, барсам елге болмай ма?
Туыстарым келіп бетке баспа ма?
Өтінемін доғарайық осымен,
Кезі келер еркек болып мен келем.
Аман жұртым сау болыңдар көргенше,
Ая қыздың көзі кетіп өлгенше.
Айта кетейік, бұған дейін көпшілік алдына шыққан қызтеке жігіт өзінің өмірлік көзқарасы өзгеріп, қызға айналғанын мойындады. Бұған бала күнінде көрген зорлығы себеп болған дейді. Алайда қазіргі қыз өмірі өзіне ұнайтын көрінеді.
Бұған дейін өзінің ер азамат қалпына қайта оралмайтынын айтқан ол президенттен көмек сұрауға дайын.