$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасын тағайындады

Денис Шипп бұған дейін Жоғарғы соттың судьясы болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шиппті Жоғары сот кеңесінің басшысы етіп тағайындады, - деп хабарлайды Ақорда. 

"Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада. 

Денис Шипп бұған дейін Жоғарғы соттың судьясы болған. Ол 1968 жылы 27 ақпанда Петропавл қаласында дүниеге келген. Омбы мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша және академик Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетін тәмамдаған.

Әр уақытта ағылшын тілінің аудармашысы, салық полициясының инспекторы болып жұмыс істеген. Петропавл қалалық сотының және Алматы мамандандырылған қаржы сотының судьясы болған.

2011 жылдан 2015 жылға дейін Алматы мамандандырылған қаржы сотының төрағасы болды.

Еске салайық, бұған дейін Жоғары сот кеңесінің төрағасы қызметін Талғат Донақов атқарған.

Жоғары сот кеңесі - Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары