7 маусымда Ресей астанасында алқабилер соты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті, қазақстандық Томирис Байсафаны өлтіру ісінде үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Істің бас фигуранты - Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ақталып шықты.
"Меджидов 105-баптың 1-бөлігі бойынша алқабилердің үкіміне сәйкес ақталды. Ертең сағат 9:30-да үкім жарияланады", - деп хабарлады Никулин аудандық сотының баспасөз қызметі.
"Кінәсіз, сот залында бостандыққа шықты (...) Құрметті достар, оны (Муртузали Меджидовті айтып отыр) кінәсіз деп тапты. Не айтарымды да білмеймін...", - деп жазды марқұмның анасы Жанна Ахметова.
Марқұмның туыстары сотталушыдан 30 миллион рубль көлемінде өтемақы өндіріп алуға тырысқан. Бірақ сот олардың азаматтық талабын қабылдамады.
Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда ЖОО-ның төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды.
Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузали Меджидов ұсталған еді.