$ 494.87  520.65  4.91

«Экономикамен 20 жыл бойы айналысатын ескі кадрларын қуып шығып, жаңа мамандарды жұмысқа тарту керек» - Мұхтар Тайжан

Мені шақырса, мен нағыз экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін барар ем. Ешқандай экономикалық реформа жүріп жатқан жоқ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер Мұхтар Тайжан Facebook парақшасында елдегі экономикалық реформаларды сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Мұхтар мырзаның айтуынша, экономикалық реформа делінгенімен нақты ештеңе жасалмаған. Елдің жағдайы қиындап, халық азық-түлікті несиеге ала бастаған. 

«Қымбатшылық халықты әбден басып кетті. Адамдар уже тамақты сатып алу үшін кредит алып отыр. Ауылдағы дүкендер халыққа азық-түлікті қарызға беріп жатыр. Ал халық кедейшілікке және кредитке батып қалды. 

Ешқандай экономикалық реформа жүріп жатқан жоқ. Экономика министрін ешкім көрген де жоқ, естіген де жоқ. Экономика министрі бізде бар ма өзі? Реформа кеңесі де жұмыс атқарып жатқан жоқ. 

Уақыт өтіп барады, ал экономикалық реформа басталған да жоқ. Баяғы жартас  - сол жартас.

Экономикамен 20 жыл бойы айналысатын ескі кадрларын қуып шығып жаңа кадрларын жұмысқа тарту керек. Өз басым айтам, мені шақырса, мен нағыз экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін барар ем. Бірақ қайдам, мен барсам нағыз реформа басталады ғой, ал оған олигархат қарсы...», - деп ол өзінің жазған facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары