Ардагер дәрігер, журналист әрі қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлы елімізге мысқалдап кіріп жатқан Қытай экспансиясына алаңдаушылық білдіріп тағы бір жазба жазды. Жер жанашыры өзінің бұл жолғы жазбасында билік пен қытай арасында мүдде сыбайластығы бар екендігін айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қытай - экспансиясы туралы әрбір қазақ халықты барлық деңгейде мейлінше ақпараттындыра беру керек. Алматы облысында орын алып жатқан мына қытай экспансиясына қарсы наразылығымызды білдірейік.
Жасыратыны жоқ біздің билік пен қытай арасында мүдде сыбайластығы бар. Бұл сыбайластық қазіргі кезде тек қытай пайдасына шешіліп жатыр. Қытай, «Батысты игеру» бағдарламасы аясында Қазақстанды «бейбіт жаулау» саясатын жүргізіп жатыр.
Бүгінде еліміздің барлық өңіріне қытай жағынан келушілердің ағыны толастар емес. Егер алдағы уақытта да осы айтылған жайларға шыныменен көңіл аудармасақ бұл мәселелер болашақта Қазақстан мен Қытай арасында геосаяси жағынан да, этникалық жағынан да ушығады, түрлі әлеуметтік қақтығыстарға апарады.
Қытайдың жымысқы мүддесін ескермесек бұл кесел қоғамдық, жалпылық дəрежесіне шықса жер бетінен жойылдым дей бер. Бұлай кете берсе енді бір 10 жылда сан жағынан олар бізді жұтып қояды. Сол кезде еліміздегі үлкен диаспора, абсолютті ықпалды "саяси элита" біз емес олар болады. Сол кезде оларға «әу» демек түгілі, күштеп қару (әскер) күшімен де кетіре алмайсың.
Қытай экспансиясына қарсы «бітіспес» күресті әрбір қазақ жүргізулері керек. Мұны бар ҚАЗАҚ ойланулары тиіс», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Сонымен қатар ол тағы бір жазбасында әлеуметтік, экономикалық, саяси реформаның кешенді жүргізілмеуінің салдарынан болашақта қазақ халқының ұлт болып қалу, қалмау мәселесі туындап отырғанын айтқан.
«Қазіргі қазақстандық ел басқару жүйесі де қазақты отарлықтан құтқарып, азаттыққа жеткізбеді. Ежелгі қазақ жерінің асты мен үстіндегі барлық қазына байлығы талауға түсті. Әлеуметтік, экономикалық, саяси реформаның кешенді жүргізілмеуі, тағы да қазақ халқының ұлт болып қалу, қалмау мәселесіне айналды.
Мемлекетті, қоғамды ДЕГРАДАЦИЯҒА әкелетін себептерді ғылым былай классификациялайды:
1. Қоршаған ортаның ластануы; 2. Қауіпті аурулардың (спид, оба, нашақорлық, КОВИД-19 т.б) өсуі; 3. Демографиялық жедел өзгерістер (иммигранттар есебінен); 4. Ұлттық мәдениеттің уағыздалуының әлсіреуі; 5. Жемқорлықтың асқынуы; 6. Жұмыссыздық; 7. Билікте сауаты төмен білімсіздердің көбейуі. 8. Жеке басқа табыну, деспотизм; 9. Заңның орындалмауы, құқықтық шектелу; 10. Әлеуметтік теңсіздік; 11. Инфляция; 12. Кедейшілік; 13. Қуғын-сүргіннің (репрессия) заңдастырылуы; 14. Экономикалық өзгеге тәуелділік;
Осының барлығы бүгінгі Қазақстанды дендеген белгілер, медицина тілімен айтқанда аурудың СИМПТОМДАРЫ», - деп атап өткен жазба авторы.