$ 443.85  474.3  4.8

Украина НАТО-ға мүше болатын болды

Брюссельдегі НАТО Саммиті осындай шешім қабылдады.
Фото:  liga.net
Фото: liga.net

Бұл туралы сарапшы Қуаныш Еділхантегі өзінің facebook парақшасында сүйіншіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Брюссельде НАТО Саммиті аяқталды. Өте керемет жаңалық! Украина НАТО-ға мүше болатын болды!

Осынау тарихи сәтті көзге елестетудің өзі қиын. СССР тарамай тұрғанда мұндайды ойлаудың өзі мүмкін емес еді. Біз сияқты азиялық халықтар үшін "орыс әлемі" біртұтас болып көрінетін. Осы орыс әлемінің құрамдас бөлігінің бірі украиндықтар мен беларусьтер сияқты болып көрінетін. Бұлар мызғымайтын, ғасырларға ұласқан диктат сияқты болатын.

Ойламаған жерден СССР тарап кетті. Орнында қалған РФ да бәрібір біртұтас болып көрінді. Олар тарамай біздің осы "екінші сорттағы" халық сияқты болғанымыз болған деп ойлайтынбыз. Кенет... орыстар мен украиндықтар арасында шу шықты. Сөйтсек... олар біртұтас емес екен, арасында ғасырларға ұласқан кикілжің бар екен. Орыстардың өздері бастамағанда украиндықтар екінші рөлде әлі де ұзақ жүре берер ме еді, қайтер еді? Бірақ... жатқан жыланның құйрығын өздері басты.

"Біз туыстас, бауыр халықтармыз, біздің арамыздан НАТО-ға мүше болатындай жау шығуы мүмкін емес, мұның бәрі Батыстың жымысқы әрекеті" - дейді ресейліктер. Алайда шындық, нақты фактілер олай емес екендігін көрсетіп келеді. Империялық шовинизмнің әбден асқынған түрімен ауырған ресейліктер басқаларды елеуді қойғаны белгілі болды. Тек біз сияқты азиялықтар ғана емес, өз туысы, бауыры деген украиналықтарды да жерін тартып алып қырғынға ұшыратып жатқаны ешбір ақтауға келмейтін иттік. Мұндай жағдайда әрине, Украина басқалардан көмек сұрауға мәжбүр.

Міне, бұрын Украинаның НАТО-ға мүше болуы мүмкін еместей болып көрінсе, енді РФ-ның шекараға әскерлерін төгіп, бопсалауына ұшыраған Украина НАТО сияқты альянстың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Бүгінгі Брюссельдегі НАТО Саммиті осындай шешім қабылдады - Украина да Грузия сияқты НАТО мүшелігіне өтуге іс-әрекет жоспары арқылы өтетін болды! Бірақ бұл жоспар жүзеге асу үшін реформалар қажет. Егер тағы да агрессияға ұшырағысы келмесе, немесе шекарасында үнемі қарсыласының әскері шабуыл қатерін туғызып отырмас үшін Украина қимылдауы қажет - тездетін қажетті реформаларды жүзеге асыруы керек. Ендігісі тек Украинаның өзіне ғана байланысты», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#НАТО #Украина