$ 495.2  522.34  4.94

«Жала жаппасын, баламды қараламасын»: Оралда қаза болған сарбаздың туыстары оның өзін атып тастағанына сенбейді

Сөздерінше, қасында қаруластары бола тұра, оның мұндай қадамға баруы күмән туғызады.

Оралдағы әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың туыстары марқұмның өзіне қол салғанына сенбейді. Сөздерінше, қасында қаруластары бола тұра, оның мұндай қадамға баруы күмән туғызады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті КТК арнасына сілтеме жасап.

Жақындары 21 жастағы Қолғанат Әшіровтің денесін жер қойнына тапсырды. Туыстарының айтуынша, сүйегін әкелген әскерилер оны ақтық сапарға шағырап салу рәсіміне қатыспаған. Ал жақындары тергеушілерден жұмбақ өлімнің себебін анықтауды сұрап отыр.

"Басы шашылып қалған. Өзіне үш оқ ату мүмкін емес. Өз ешқашан ондай жасамайды. Бәрі суицид деп айтып жатыр. Мен келіспеймін. Жала жаппасын, менің баламды қараламасын", – дейді марқұмның анасы Гүлшат Жұбатқанова.

Көз жұмған жауынгер осыдан жарты жыл бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Ол ата-анасымен жиі бейнебайланыспен сөйлесіп тұрыпты. Жақында туыстары сарбазға кездесуге барып қайтуды да жоспарлаған. Оның үйді сағынып ақырғы хатын қалдыруы мүмкін емес деп отыр. Ол мылтық шүріппесін басқанда қасындағылардың кедергі келтірмей, байқамай қалуы да күмән келтіреді дейді.

Айта кетсек, қайғылы оқиға екі күн бұрын 

Жала жаппасын, баламды қараламасын": Оралда қаза болған сарбаздың туыстары оның өзін атып тастағанына сенбейді

 

Оралдағы әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың туыстары марқұмның өзіне қол салғанына сенбейді. Сөздерінше, қасында қаруластары бола тұра, оның мұндай қадамға баруы күмән туғызады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті КТК арнасына сілтеме жасап.

 

Жақындары 21 жастағы Қолғанат Әшіровтің денесін жер қойнына тапсырды. Туыстарының айтуынша, сүйегін әкелген әскерилер оны ақтық сапарға шағырап салу рәсіміне қатыспаған. Ал жақындары тергеушілерден жұмбақ өлімнің себебін анықтауды сұрап отыр.

 

"Басы шашылып қалған. Өзіне үш оқ ату мүмкін емес. Өз ешқашан ондай жасамайды. Бәрі суицид деп айтып жатыр. Мен келіспеймін. Жала жаппасын, менің баламды қараламасын", – дейді марқұмның анасы Гүлшат Жұбатқанова.

Көз жұмған жауынгер осыдан жарты жыл бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Ол ата-анасымен жиі бейнебайланыспен сөйлесіп тұрыпты. Жақында туыстары сарбазға кездесуге барып қайтуды да жоспарлаған. Оның үйді сағынып ақырғы хатын қалдыруы мүмкін емес деп отыр. Ол мылтық шүріппесін басқанда қасындағылардың кедергі келтірмей, байқамай қалуы да күмән келтіреді дейді.

Айта кетсек, қайғылы оқиға екі күн бұрын Оралдағы 5517 әскери бөлімінде таң ата болған. Қарауылға шыққан Қолғанат Әшіров өз қаруынан атылған. Қаралы отбасы тергеушілер қазір үш нұсқамен тексеріп жатқанын айтады.

 таң ата болған. Қарауылға шыққан Қолғанат Әшіров өз қаруынан атылған. Қаралы отбасы тергеушілер қазір үш нұсқамен тексеріп жатқанын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары