20.06.2021, 12:20

Түркістан қаласын салуға қанша қаржы бөлінді?

Фото: ашық дереккөз
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңір орталығының құрылысына бөлінген қаржы сомасын атады.

«Түркістанды арнайы қаржыландыруға қатысты аңыз өте көп. Толықтай алғанда, біз аяқтағалы отырған бірінші кезеңге 445 млрд теңге жұмсалды. Оның жартысы жеке инвестиция, ал қалған бөлігі – бюджет қаражаты.

Бюджет қаражатының барлығы «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары аясында бөлінді. Яғни, барлығы да халық санына сай республикалық бюджеттен теңгерімді бөлу нормативтеріне, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында болды. Әрине, Президенттің, Үкіметтің тапсырмасымен жүзеге асырылатын жекелеген жобалар да бар», – деді Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында.

Сонымен қатар ол еліміздің барлық облыстары Түркістан қаласында бір-бір нысаннан салғандығын атап өтті. «Бұл жеке арнаулы хаттамаға сай жүзеге асырылды. Осылардың барлығын ескерер болсақ, Түркістан облысын қаржыландыруда шектен шыққан ештеңе де жоқ», – деді ол.

nege.kz