Синоптиктер 21 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Республиканың басым бөлігінде Жаңа Жер аудандарынан шыққан терең циклон әсері сақталатындықтан, ауа райы тұрақсыз болады. Сондай-ақ найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай облысында түнде кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады, жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, кей жерлерде жел 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды, кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетіп, шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл күшейеді.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.
Күндіз Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
«Қызылорда облысында, Ақтөбе, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген хабарламада.