21.06.2021, 10:40

Елордада Парламенттің бірлескен отырысы басталды

Күн тәртібінде - 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы.

Нұр-Сұлтан қаласында Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралатын Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Күн тәртібінде Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы.