$ 494.87  520.65  4.91

«Табысымды жасырмаймын»: Бердібек Сапарбаев қанша айлық алатынын айтты

Облыс әкімі бұл сауалдарға жазбаша ресми түрде жауап бергісі келетінін жеткізді.
фото: Oinet.kz
фото: Oinet.kz

Жамбыл облысы әкімінің айлығы қанша? Орынбасарларыңыз қанша айлық алады? Әкім аппаратындағыларға жалақысынан бөлек, қосымша сыйақылар, бонустар төлене ме? Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында nege.kz сайтының тілішісі жолдаған сауалға жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жауап берді.

 Облыс әкімі бұл сауалдарға жазбаша ресми түрде жауап бергісі келетінін жеткізді. Ал өзі осы уақытқа дейін қанша айлық алатынын жасырмаған екен.

 - Мен өзімнің айлық табысымды жасырмаймын. Қаншама жылдан бері жұмыс өтілімім бар екенін білесіздер. Соған байланысты менің жалақым 800 мың теңгеден кем емес. Бірақ мен өзімнің және орынбасарларымның айлығы жөнінде жазбаша жауап беремін, – деп уәде етті Бердібек Сапарбаев. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары