Саясат 05.07.2021 сағат 20:34

«Кеткім келеді, бірақ кете алмай жүрмін»: Назарбаев өз жұмысы жайлы айтты

Өйткені маған хат жазып, кездесуді сұрайды, міне сол үшін жұмыс істеуіме тура келеді.
«Кеткім келеді, бірақ кете алмай жүрмін»: Назарбаев өз жұмысы жайлы айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның тұңғыш президенті не себепті жұмыстан кете алмай жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Шыны керек, менің жасыма келгенде кеткің келеді екен, бірақ кете алмай жүрмін. Өйткені маған хат жазып, кездесуді сұрайды, міне сол үшін жұмыс істеуіме тура келеді. Хаттар жан-жақтан келеді, әлемнен, өзімізден. Ми жұмыс істеуін тоқтатпауы үшін тағы басқа да шаруалармен айналысу керек. Мәселен, біз тек бір жақ миымызбен жұмыс істейміз, сондықтан мидың екі жағы да жұмыс істеуі үшін сол қолмен жазу керек дегендей», – дейді Елбасы «Штрихи к портрету» деректі фильмінде. 

Бұған қоса, ол музыкалық аспаптарда ойнау миға оң әсер ететінін жеткізді. 

Еске салсақ,  бұған дейін ҚР Тұңғыш Президенті  - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қала күні қарсаңында Qazaqstan арнасына берген сұхбатында елорданың келешегі туралы сұрақтарға жауап берді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар