06.07.2021, 06:51

Алматы тауларында келіншек жоғалып кетті

Анасының айтуынша, ол тауға 5 шілдеде кеткен.

Алматы тауларында бір келіншек жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Іле- Алатауында жоғалып кеткен әйелді іздеп жатыр.

Республикалық жедел-құтқару жасағына жоғалған қыз туралы ақпарат 7 шілде күні түсті. Анасының айтуынша, ол тауға 5 шілдеде кеткен. Куәгерлер оны соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңында көрген. Қыздың телефоны үйде қалған.

«Бүгін республикалық жедел-құтқару жасағының 5 адамнан тұратын жеке құрамы іздеу-құтқару жұмысын бастап кетті. Құтқарушылар екі топқа бөлінді. Біреуі - Алматы-Алагир асуына қарай, екінші топ Советтер шыңы жаққа қарай бет алды. Сонымен қатар, олар гидрология стансасының жоғары жағындағы орманды да қарап шығады», - деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.