08.07.2021, 11:00

Тоқаев сенбі күні Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

фото: PrimeMinister.kz
Жиында биылғы жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады.

10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасында жазды.

«10 шілде күні сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. Жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді», - деп жазды Б.Уәли.