$ 498.34  519.72  4.85

Коронавируспен күрес шараларын қайта қарау керек – Президент

Оның айтуынша, қазіргі өзекті міндет – инфекцияның ірі ошақтарын азайту және денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне жол бермеу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес шараларын қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалғасып жатқан пандемия жағдайындағы дамуға келсек, 1,5 жыл бойы коронавирус прогресті тежеуде. Жаңа штамдар толқыны коронавирустың біздің өмірімізге дендеп енгенін көрсетеді. Біз оған бейімделіп, осындай жағдайда өмір сүруді үйренуіміз керек. Бұл ең алдымен шектеу шаралары мен мемлекет өмірі арасындағы тексерілген сындарлы теңгерімді іздеуді білдіреді. Пандемиямен күрес парадигмасы көз алдымызда өзгеріп жатыр. Қазір де көптеген елдер вирустың таралуын нөлге дейін төмендетуді мақсат етпейтін болды», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Оның айтуынша, қазіргі өзекті міндет – инфекцияның ірі ошақтарын азайту және денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне жол бермеу. 

«Біз вирусқа қарсы іс-әрекет шараларын түбегейлі қайта қарап, сапалы жаңа стратегия әзірлеуіміз керек. Жаңа штаммдар тіпті вакцина алғандарға да жұғатынына көз жеткіздік. Алайда иммундау жұмыстары ауруды жеңілдетеді және өлім қаупін азайтады. Осыған негізделу керек. Вирус жұқтырғандар бойынша статистикалық деректер шара қабылдау үшін жалғыз негіз болмауы керек. Басты назарды ауыр жағдайлар мен өлім-жітімді азайтуға және күрделі науқастарды емдеуге аудару қажет», - деп түйіндеді Президент. 

Бұған дейін Президент антиваксерлердің қауесет, даңғаза әңгімелеріне сенудің қажеті жоқ деген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары