Саясат 13.07.2021 сағат 12:20

«Күндік табысы бір қарбызға жетпейтіндер бар» - қоғам белсендісі

Тапқан таянғанымыз тамақтан артылмайды.
«Күндік табысы бір қарбызға жетпейтіндер бар» - қоғам белсендісі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қоғам белсендісі әрі қаржы саласының маманы Сәбит Рысбаев ондаған жылдар бойы өспей отырған айлық мәселесін көтеріп пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, еліміздегі жалақы мөлшері адам күлерлік жағдайда. Кейбір адамдардың бір күндік табысы бір домалақ қарбызға да жетпейді. 

«Астанада қарбыз әлде дарбыздың 1 килограмы 250-260 теңге. Орташа біреуін алсаң 2000 теңге, үлкенірек алсаң 3000 теңге шығады. Тұрақты жұмысы бар мен сияқты адамға да сәл ауырлық тудырады. Шымкентте бір танысым тұрады. Өткенде звондап жағдайын білдім.

Құрылыста жүрмін күніне 2500 төлейді дейді. Сонда ана жігіттің күндік табысы 1 арбузға да жетпей қалады. Елімізде ең аз айлық 42 500 болғанымен салықтарды ұстап қалғанда қолға тиетіні 37 400 болады. Біздің елде кейбір сүтқоректілер 37 400-бен бір адам жанұясын баға алады деп есептесе керек. Әйтпесе ең төмеңгі айлық кемінде 100 000 теңге деулері керек еді. Соғыс болып жатқан Украинаның өзінде соңғы 5 жылда ең төмеңгі айлық 4 есе өсіп қазір 100 000 теңгеден асады.

Өткенде президентіміз азық түліктің әлемдік бағасы 40%-ға өскенін айтты. Бізде нешеге өскенін айтпады. Инфляция 7.9% деді. Әлемде қаншалықты өссе бізде одан көп өспесе аз өспеді деп ойлаймын. Оған қарсы не істеп жатырмыз? Азық түліктің бағасын өсірмеңдер деген не тапсырма деймін да. Әлемдік баға өссе бізде де баға өседі. Мәселе біздің табысымыздың аздығында ғой. Тапқан таянғанымыз тамақтан артылмайды. Еттің бағасы деген күнде өсіп жатыр. Ойлаудың өзі қорқынышты. Бізге ананы ойлап табу, мынаны еңгізу қажет емес. Бізге заң керек. Заңның бәріне бірдей орындалғаны керек. Ең болмағанда парамен ұсталған жемқорларды ел қатарлы соттап, түрмедегі курортный өмірлерін тоқтату керек. Әйтпесе мұндан да жеп, ана жаққа барып 1-2 жыл отырып қайтудан ешкім қорқып жатқан жоқ», - деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар