$ 498.34  519.72  4.85

Кім Тоқаевты телефон арқылы аңдып жүр?

Pegasus тыңшылық бағдарламасына қатысты дау-дамай басылмай тұр. Зерттеуге сәйкес, осы бағдарлама арқылы танымал саясаткерлер, журналистер мен оппозиционерлерді аңдыған.

Ақорда " деген ақпаратқа ресми түсінікте ГПрезидент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Pegasus тыңшылық бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа сәйкес, шетелдің арнайы қызметтері осы бағдарлама арқылы президент Тоқаевты да аңдыған. Абаевтың айтуынша, бұл – адамның назарын аударатын ақпарат. Бірақ оның ешбір дәлелі жоқ.

"Ол тізімге кез келген адамды енгізіп қоюға болады. Сөйтіп ел ішінде – элитаның арасында, журналистер және тағы басқа адамдарға күдік салады. Меніңше, бұл жерде қисынды скептицизм принципін ұстану қажет", - деді Абаев "Открытый диалог" бағдарламасында.
Сұхбаттың видеосы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-арнасында жарияланды. 

Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында зерттеудің нәтижесі жарияланған болатын. Оған сәйкес, арнайы қызметтер израильдік NSO Group фирмасының қылмыскерлер мен террористерді аңдуға арналған бағдарламасын әлем бойынша саясаткерлер, бизнесмендер, белсенділер, журналистер мен оппозиционерлерді де аңдуға пайдаланған. Тізімде Қазақстан президенті, премьер-министр, Алматы әкімі және тағы басқа саясатерлер де бар болып шықты.     

Sputnik Қазақстан редакциясы мемлекеттік органдарға Pegasus тыңшылық бағдарламасына қатысты ресми сауал жолдады. Бірақ әлі жауап берген жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары