Саясат 03.08.2021 сағат 16:20

Pegasus: Тізімнен тағы үш танымал қазақстандық табылды

Оларды 2018 жылдан бері аңдығаны хабарланды.
Pegasus: Тізімнен тағы үш танымал қазақстандық табылды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Pegasus тыңшылық бағдарламасының тізімінен тағы үш қазақстандық табылды. Бұл туралы OCCRP сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тізімде кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының бақылау кеңесі басшысының орынбасары Владимир Божко, ҚТЖ бұрынғы басшысы Сауат Мыңбаев және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев жүр.

Оларды 2018 жылдан бері аңдығаны хабарланды.

Еске салсақ, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында зерттеудің нәтижесі жарияланған болатын. Оған сәйкес, арнайы қызметтер израильдік NSO Group фирмасының қылмыскерлер мен террористерді аңдуға арналған бағдарламасын әлем бойынша саясаткерлер, бизнесмендер, белсенділер, журналистер мен оппозиционерлерді де аңдуға пайдаланған.

Тізімде Қазақстан президенті, премьер-министр, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ бизнесмендер, құқық қорғаушылар мен журналистер бар болып шықты.

Барлығы екі мыңға жуық қазақстандық нөмір тіркелген, оның 92-сі идентификацияланды.

Алайда 22 шілдеде президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Pegasus тыңшылық бағдарламасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл – адамның назарын аударатын ақпарат. Бірақ оның ешбір дәлелі жоқ.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар