$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаевтың сынына ұшырап, министр лауазымынан айырылған Сапархан Омаров жаңа қызметке тағайындалды

Ауыл шаруашылығы экс-министрі Сапархан Омаров "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

“Сапархан Омаровтың Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметін, сондай-ақ астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. биылғы 28 шілдедегі №227 бұйрығымен ҚР Үкіметінің келісіміне сәйкес, Омаров Сапархан Кесікбайұлы "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы "Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты сынға алған еді. Президент сынынан кейін ол министр лауазымынан айырылды. Оның орнына Ербол Қарашөкеев министр міндетін атқарушы болып тағайындалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары