$ 447.4  477.55  4.76

«Олимпиадаға енді қатыспаймын»: Ольга Рыпакова жаңа мәлімдеме жасады

Соңғы Токио олимпиадасында жерлесіміз жүлдесіз қалды.
Фото: Inbusiness.kz
Фото: Inbusiness.kz

Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова бұдан кейін Олимпиада ойындарына қатыспайды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Еске салайық, Рыпакова Олимпиада ойындарының чемпионы, бір рет күміс және бір рет қола медаль жеңіп алған. Ол сондай-ақ, әлем чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы. Соңғы Токио олимпиадасында жерлесіміз жүлдесіз қалды.

Ольга Рыпакова Олимпиада ойындарына қатыспағанымен өзге жарыстарда әлі де бақ сынауы мүмкін. Бұл туралы ол тіс жарған жоқ. Тек өзіне бәсекелес болған украиналық Ольга Саладуха мен колумбиялық Катерина Ибаргуеннің де Олимпиада ойындарына енді қатыспайтынын, олармен бірге бір уақытта спортпен айналысқанын мақтан тұтатынын жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары