$ 498.34  519.72  4.85

«Мықты бапкерлер жемқор жүйенің былығына шыдамай елден кетіп жатыр» - заңгер

Нәтижесінде әлем чемпионаттарында, азия чемпиондарында алдыңғы 1, 2 орын алып жүрген шәкірттер білімсіз қалды. Есесіне Өзбекстанға кетіп қалған бапкердің шәкірті, өзбектерге алтын сыйлады.
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Мықты бапкерлер жемқор жүйенің былығын көтермейді!

Өзбекстанға кетіп қалған бапкердің шәкірті, өзбектерге алтын сыйлады. Жүйенің жемқорлығына шыдамаған бапкерлердің біразын танимын, олармен сөйлесіп отырамын.

Менің жанымда тұрған бапкер Мұстафа Өзтүріктің шәкірті Төлеген Тілеумұратов.

Республикалық спорт колледжінде бапкер болып жұмыс істеген. Оқу орындағы былықтарды айтқаны үшін қудаланған. Оқу орында жаттықтырған шәкірттері жаттықтырушысын қолдаған үшін балалар оқудан шығарылған. Бұл мәселені министр Ақтотыға жеткізгенімізде, балалардың емес, жасы зейнетке келген Тшановтың сөзін сөйлеген. 80 ге келген адам жастарға орнын бермей спорт дамымайды!

Балалардың ата-аналары оқу орынымен соттасып, оқу орында болып жатқан жемқорлық жайлы ашық айтып, бүкіл құзырлы органдарға арыз жазған еді.

Органдарға жазылған арыз сыбайластықтың арқасында өз нәтижесін бермеді.
Балалар білімсіз қалатын болды ғой деп қақпаған есігіміз қалмады. 

Ақыры балалардың жартысын қарапайым мектепке әр қаланың спорт мектептеріне ауыстырып тындық. Жартысы әлі оқу орындарға қабылданбай білімсіз жүр. Тіпті бір спортшыға республикалық колледж диплом бермей жатыр. Нәтижесінде әлем чемпионаттарында, азия чемпиондарында алдыңғы 1, 2 орын алып жүрген шәкірттер білімсіз қалды.

Осындай былықтарды көріп, күресіп жүрген соң көп дүниелерді ашып айта аламын! Бапкер мен жас спортшылардың жан айқайын жоғарыға жеткізгенім үшін, тіпті сотқа шақырылдым. 

Біздің елде әділеттілік үшін күрессең сотқа сүйретіліп, өзіңді кінәлі қылып шығарады емес пе?
Біз Төлеген ағай, балалардың ата-аналары соңына дейін күресудеміз! Біз тоқтамаймыз!

Жемқорлық жайлаған жүйені интернетте жазып ғана отырғаннан жойылмайды. Іріген жараны ашып көрсетуіміз керек! «Саған төлеп жатыр ғой, әрине қолдап жүресің», деп жазатындар шығып жатты Тшановты қолдап. 
Бұл өмірде бәрі ақшамен өлшенбейді. Ата-аналар мен бапкерлер осында отыр. Болашақ үшін, жастар үшін бір тиын алғаным жоқ, қайта жастарға жігер беру үшін күресу керек екенін көрсеттім.

Патриоттық деген не білесіздер ме?
Әрбір әділетсіздікпен ашық күресу!

Қолдаған жастарым әлемдік додаларда көк байрағымды самғатып тұрса, бұдан асқан бақыт жоқ! 
Егер Төлеген ағайдың шәкірттері олипиадаға барғанда алтын алмай келмейтін еді. Себебі бұл жастар спортты жайлаған жемқорлықпен ашық күреске шыққан жастар!

Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары