$ 444.22  476.38  4.82

Елімізде коронавирустан 107 адам қайтыс болды

Қазіргі уақытта 232 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Қазақстанда бір тәулікте тағы 107 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

8 тамыздағы мәлімет бойынша, коронавирусқа тапсырған сынамасы оң болған 97 адамның өлімі тіркелсе, қайтыс болған тағы он адамның ПТР тесті теріс нәтижелі пневмония болған.

10 тамыздағы мәлімет бойынша 112 474 адам коронавирус инфекциясынан (108 818 КВИ+ және 3 656 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

30 972 пациент стационарда,
81 502 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

1 966 адамның жағдайы ауыр,
402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
232 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус