$ 448.89  477.93  4.76

«Қайнар Олжай, мына түріңмен әлі талай журналисті өлтіресің!»: Сәуле Әбілдаханқызы өзін сынаған журналистің ит терісін басына қаптады

Мықты журналиссің бе, әділетсүйгішсің бе, кел де журналистік зерттеу жаса. Барлық тікелей және жанама сұрақтардың жауабын ізде. Ол қолыңнан келмей ме, үндеме.

Журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы өзін Аягүл Мантайдың өліміне қатысты айыптаған Қайнар Олжайға жауабын берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

"Қайнар Олжай мырза өзінің қандай "супер-редактор", менің қандай "топас" екенімді таныту үшін қырық жылғыны бықсытып роман-эпопея жазып тастапты ғой...

"Сәуле кісі өлтіргіш, журналистикадан, ТВдан жоғалсын!.." деген ойды айту үшін алтын уақытын сарп етіп роман жазғанына таңғалмасқа шараң жоқ...
Жалпы, екіжүзділікті "мәдениеттілік" деп ұғатын адамдар ұлттың жегі құрты.

Мен Қайнар Олжайды қайдан, қалай танимын?

1. 1999 жылдың қаңтары. Мен Рысқұлов-Шемякинде інімнің 2Х2 дүңгіршегінде сатушы боп тәулік бойы, 2 ай отырдым. Баламды інілерім қарап қалды. Сол дүңгіршекте күндіз-түні қосулы тұратын радиодан "Еларна" ашылды, тележобалар қабылдаймыз, редактор Қайнар Олжайға әкеп тапсыруға болады, тел. нөмірі осындай" деген жарнаманы күн сайын естідім. Сол дүңгіршекте отырып үш жобаны жаздым. "Біздің аула" (балаларға арналған), "Студент" (жастарға арналған), "Шұғыла" (қыз-келіншектерге арналған, кейін "Ақжүніс" болды). Жарнамадағы нөмірмен Қайнар Олжайға хабарласып, үшеуін де апарып өткіздім. "Өзіміз хабарласамыз" деп алып қалды. Сонымен, әумин-аллакуакбар. Жобаларым өтпеді екен деп, қайтып тележоба идеясымен ауырған жоқпын. Қайтып Қайнар Олжай дегенді көрмедім.

Күндердің күнінде "қазақ жастары сөйлеп үйрену керек, пікірталас жасай білуі керек, өз мәселелерін өздері ашық пікірмен айтып үйрену керек" деген концепцияға негізделген "Студент" деген идеямды "Азамат" деген атпен эфирден көргенде аузым ашылып қалды. (Сол "Азаматқа" талай жастар қатысып, елге танымал қыз-жігіттер шықты). "Мен де жоба ұсынған едім, сәл өзгертіп, эфирге шығарды, бірақ өзімді лақтырып тастады" дегенді кейін де біраз адамнан естідім... Қазақ телевизиясында ол үрдіс (біреудің идеясын меншіктеу) әлі күнге дейін жалғасып келеді...

Қайтып Қайнар Олжай деген атты естігім келмеді. Оның ештеңесін оқыған емеспін, көрген емеспін. Бірақ бұл кісі осылай кей кездері менің аты-жөнімді атап, мен жаққа бір "әу" деп қоятыны бар...

2. Ұлттық арнаны небәрі 4 жыл басқарып, сасып шіріген подвалынан бастап, шатырына дейін күрделі жөндеу жасап, екі жаңа студия салып, материалдық-техникалық базасын ТМДдағы ең озық үлгіде жабдықтап, шіріп жатқан алтын қордың жарарын цифровойға көшіріп, подвалды жарқыратып фитнес зал, душқа дейін жасап, қызметкерлердің айлығын бәленбай есе көтеріп, бірнеше журналиске баспана әперіп, журналист, операторларға шет елдерге іссапарларға жіберуді жолға қойған, бүгінгі "КазМедиа" идеясының авторы Ғалым Доскен сол жақсылығы үшін сыймады. Бәле жауып, жала арыз ұйымдастырушылар ол кезде де мақсатына жетті. Министр Иртышбаев өзіне қолайлы адамдарын, марионеткаларын отырғызды. Доскенмен бірге 120 адам кеттік, Олжай айтқандай, 80 емес.

"Бастықты құттықтап бару әдетіміз жоқ, Нұртілеуді кейін арада бәлен уақыт өткенде көрдім" дей ме?..

Сол жолы - 2006 жылдың сәуірінде Олжайды екінші рет көрдім. Мен отчеттарымды өткізу үшін бір аптадай бөгеліп қалған едім. Жаңа бастық Нұртілеу, Олжай, Сандықбаев, тағы бір адам (Акунов қой деймін) төртеуі революция жасаған большевиктер ұқсап, екінші күні барлық кабинеттерді аралап жүрді. Біздің кабинетке келді. Есікті қақпай сарт еткізіп ашты. Жалғыз отчет жасап отырғанмын. "Сәлеметсіздер ме" дедім де компьютеріме үңіліп, жұмысымды істеп отыра бердім. Сәлемімді алған жоқ. Сандықбаев "бұл кабинетте "Жігер" шығармашылық бірлестігіндегі екі хабар отырады, "Ақжүніс" және бәленше хабар" деп міңгірледі. Қалғандары "мм" деп бас изеп, сәл бөгелді де, мені көзәйнектің үстінен 8 алакөз атып-атып, шығып кетті.
Қайтып Олжайды көрмедім.

3. "Тергеу аяқталғанша Сәулені жұмыстан шеттету керек" дей ме?

Журналистиканы, телевизия саласын жекешелендіріп алған шығарсыңдар? Әлде қазақ журналистикасы Олжайдың "семейный подряды" ма? Маған дейін журналистикада ешкімнің басына іс түспеп пе еді? Кристальный орта ма едіңдер? Мен келіп журналистиканы былғап, "ақ қарға" болдым ба? Істі болған, тергеуде жүрген қай журналисті жұмыстан шеттету туралы Олжай шешім шығарып еді?

Апарып қайта-қайта "тендерге" тірейсіңдер. Причем тут тендер? Әлде Сәуле жұмыс істемесін, журналистмкада, ТВда жүрмесін деген баяғы Иртышбайдың заңы әлі де күшінде ме?

Мен какой-то аймақтық телеарнаға кеп екі ай істеп едім, жарқырап күліп, жайнап жүре бастап едім, жандарың шығып кете жаздады ғой. Республикалық арнаға, тіпті "Алматы" арнасына барсам, қылқынып қалғандай екенсіңдер ғой. Өздерің арысы - сонау совет дәуірінен, берісі - Тәуелсіздік алғалы "шүленнің шұрайлысына" қос уыстап қол салып, журналистиканы бизнеске және кек алуға, тапсырыс орындауға айналдырғандарыңды ұмыттыңдар ма? Екі айда алған екі теңге адал маңдай терім шымбайларыңа сонша неге батты екен? Шиебөрідей шулап, құзғындай үймеледіңдер ғой түге! Әйел бақытын жылдар бойы жырлап, жылына миллиард теңге алып жүргендерді неге көрмейсіңдер? 30 жыл бойы журналистиканы да, ТВны да бермей, жеке территориясына айналдырып меншіктеп алғандарды неге көрмейсіңдер? "Ақжүніс" "ит жылғы" болса, "шошқа жылғылар" неғып жүр? Сол Нұртілеу де "шошқа жылғы" бағдарламасымен 40 жыл жүрді.

"Ақжүніс" 4,5 жыл жүрді. С гордо поднятой головой, Қазақстандағы нөмірі бірінші рейтингті хабар боп кеттім. 15 жыл ел ұмытпады, іздеді, сұрады, шақырды, келдім. Сендердің тәсілдеріңмен атын өзгертіп, "Шұғыла", "Сәуле", "Нұрсәуле" немесе "Сәулемен сұхбат" деп шығаруға да болар еді, бірақ елдің іздегені, сұрағаны "Ақжүніс". Іштерің күймек иұрмақ, жанып кетсе де, "Ақжүніс" брендке айналған атау...

Алматыда соңғы үш жылда алысып, жұлысып, ақырында бәріне қолымды бір сілтеп кетіп едім. Алматыда қанша істердің ортасында жүріп, мұншалықты нақақ күйдірмеп еді. Туған өлкеме келіп, есімді жиып, тып-тыныш жұмысымды істейін, өмірімді сүрейін дегенде, аз күндік қуанышымды бір көшке жеткізбедіңдер ғой!!! Қайсыңның әкелеріңді өлтіріп едім???
Иттің итақайы жүрген журналистиканы, ТВ-ны әлі менен қызғанып болмадыңдар ма??? Қызғаныштың қызыл иті іштеріңді тырнап өлтіретін болды-ау...

Көп шуылдақ блогерсымақтардың таяғына етім үйренген. Енді қазақ журналистикасының "якобы мэтрі" маған қарсы Максимін оқтапты.... Ата сақалы аузына түсіп, ел ағасы болатын жасқа келгенде роман жазып, сасып-бықсып отырған отырысы мынау... Мықты журналистсің бе, әділетсүйгішсің бе, кел де журналистік зерттеу жаса. Барлық тікелей және жанама сұрақтардың жауабын ізде. Ол қолыңнан келмей ме, үндеме.

Өттерің жарылып кетсе де айтайын: журналистика, телевидение, ("Оңтүстік" арнасы - тем более!) Олжайдың жекеменшігі емес!!! Қара тізімге сендер сияқты кәрілер кету керек әрі-беріден соң.

Қазақ үшін де, мен үшін де олжай ешкім емес. бар болғаны - өмір бойы кеңестің шұрайлы "шүлені" мен қазақтың шұрайлы "шүленін", майлы шелпегін жеген, елдің, одан қалса шетелдің идеясымен күн көріп жүрген біреу. Қазақ телевизиясында шетелдік өнімдерді қаптатып, өз төлтуындысын жасамаған, жасатпаған адам.

Ал "Ақжүністі" мың өлтірсеңдер де - бәрібір "Ақжүніс" боп қалады! Уот тәк!!!

Пысы: "Қайнар Олжай, мына түріңмен әлі талай журналисті өлтіресің, менің өліміме сен кінәлісің!, бәленше кінәлі, түгенше кінәлі" деп саған арнап соңғы хатымды жазып кетсем, сонда білерсің ненің не екенін...

Маған қарсы кибертеррор осыдан 10 жыл бұрын серік боқан сияқты сақалиттерден, кейін бәліш сияқты, сайрауық сияқты екіжүзділерден басталып, әлі күнге тоқтаған жоқ! Ал, өлейін де, бәріңнің шақшадай бастарыңды шарадай қып кетейін... арман-мақсаттарың сол ма, сонда айыздарың қанып, тынышталасыңдар ма? Өрістерің кеңейе ме??? 

Жоқ, сендер сияқты шиебөрілер қыңсылауын тоқтатпайды... келесі жемтігін іздейді... сендерге ковид аз боп тұр... ковидтен қалғандар біріңнің етіңді бірің жеуге дайынсыңдар... қызғаныштан өлген сендерді көрдім", - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары