$ 448.15  483.46  4.86

6 млн теңгені алдап алған күдікті ұсталды

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары 28 жастағы күдіктіні ұстады.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында 20 жылқы сатып алмақ болған ер адам алаяққа 6 млн теңгеден астам ақша берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аудандық полиция бөліміне жүгінген азамат алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді. 20 жылқы сатып алмақ болған ол бейтаныс біреуге 6 200 000 теңге берген.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары 28 жастағы күдіктіні ұстады.

Зайсан қаласының тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#алаяқтық