Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кремльде Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуі басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасында хабарлады.
«Кездесу әлі жалғасуда. Кеңейтілген ақпарат www.akorda.kz сайтында жарияланады», - делінген ақпаратта.
Айта кетсек, бұған дейін ҚР Президентінің Мәскеуге сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелері талқыланатыны туралы хабарланған болатын.