$ 494.87  520.65  4.91

ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті

Заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам марихуана, 7 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Фото: Dalanews.kz.
Фото: Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ арнайы мақсаттағы күштерін тарта отырып, Атырау облысы прокуратурасының келісімі бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Құзырлы ведомства мәліметінше, арнайы операция нәтижесінде 2021 жылғы 18 тамызда үш плантацияда 31 адам (оның 17-сі шетелдік), оның ішінде есірткі тобын ұйымдастырушы ұсталды.

Заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам марихуана, 7 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Сонымен қатар тінту барысында браконьерлік жолмен алынған ақбөкен мүйіздері мен бекіре тұқымдас балықтар табылды. ҰҚТ әрекетінің жолын кесу үшін тынымсыз жедел жұмыс жүргізілді, делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ фигуранттардың есірткі қылмысына қатыстылығына бұлтартпас дәлелдемелерге қол жеткізілгені, қылмыстық топтың құрылымы және қатысушылар арасында рөлдерді бөліп алуы анықталғаны айтылады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары