01.09.2021, 11:20

Жолдау-2021. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы 2022 жылы жалғасады

Фото: ашық дерекөз
Дәл қазір ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдау жасап жатыр.

Дәл қазір ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдау жасап жатыр.

«Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін созу туралы шешім қабылдадым. Бұл мақсатқа бөлінетін қаржының көлемі кемінде 1 трлн теңге болады», - деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысына Мемлекет басшысы, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысуда.