01.09.2021, 11:29

Тоқаев: Шығынға батқан ұлттық компаниялардың басшылары неге жауап бермейді

Фото: ашық дерекөз
Мемлекет басшысы елде инфляция өсіп жатқанын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шығынға батқан ұлттық компаниялар мәселесін көтерді. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

«Неге кей ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар шығынға батады, ал олардың басшылары неге жауап бермейді? Үкімет осы мәселені шешуі керек», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елде инфляция өсіп жатқанын айтты. 

«Ұлттық банк, үкімет әлемдік үрдісті айтып, оның алдында қауқарсыз болып қалды. Мұндай сылтаулар ұлттық экономиканың осал екенін көрсетеді», - деді Президент.  

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын. Ол сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы 2022 жылы жалғасатынын жеткізді.