$ 498.34  519.72  4.85

«Карантин көзбояушылыққа, індетпен күрестің бейшара көрінісіне айналды» - депутат

Шенеуніктерге жақындығы бар немесе "қажет жерде" құнын төлеген мейрамханалар тәулік бойы ешқандай шектеусіз, қонақтар санына қарамай жұмыс істейтіні де ешқандай құпия емес.
Фото: Ratel.kz
Фото: Ratel.kz

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов жалпы отырыста отбасылық шараларға тыйым салудан нәтиже шықпай жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ЭК.

"Депутаттар өңірлерде кәсіпкерлермен кездесу барысында бірқатар мәселелерді талқылаған болатын. Солардың ішінде рестораторлармен карантиндік шектеулерге қатысты мәселе қызу пікірталас туғызды... Кәсіпкерлердің жинаған қорлары да, шыдамдары да таусылған. Күнделікті тұрмыс-тіршілік шығындарымен қоса, шектеулерге байланысты жұмыссыз бос тұрған ғимараттардың коммуналдық төлемдері, оны қарап, күзетуге кететін төлемдер кәсіпкерлерге жығылған үстіне жұдырық болып отыр",– дейді депутат.

Ол соңғы екі жыл бойы бұл жағдайдың өзгермей жатқанына қынжылыс білдірді.

"Ал өмір жалғасуда: жастар отбасын құрады, адамдар туылады және қайтады. Біздің халқымыз қызығын да, қайғысын да жақынымен бірге бөліскен еді. Ал бүгінде азаматтарымыз кең ғимараттарда сақтық шараларын сақтай отырып өткізетін отбасылық шараларды антисанитарлық жерлерде тығылып өткізуге мәжбүр болуда", — дейді Берік Дүйсенбинов.

Депутаттың ойынша, шектеу шаралары көзбояушылыққа, індетпен күрестің бейшара көрінісіне, тіпті жемқорыққа айналып кеткен. Себебі ресми түрде шектеу болса да, іс жүзінде жанұялық шаралар мен жиын-тойлар пәтерлерде, жер үйлерде және шағын дәмханаларда өтіп жатыр.

Оның үстіне, өңірлерде шенеуніктерге жақындығы бар немесе "қажет жерде" құнын төлеген мейрамханалар тәулік бойы ешқандай шектеусіз, қонақтар санына қарамай жұмыс істейтіні де ешқандай құпия емес, - деді мәжілісмен.

Осыған байланысты Берік Дүйсембинов "Ақ жол" фракциясының депутаттары атынан Үкіметке шектеудің нәтижесінде қаңырап бос тұрған ресторандарды одан әрі пайдалану, оларды жаңа мақсатқа бейімдеуге яғни, мектептер, ауруханалар, спорт мекемелеріне айналдырып, қайта жабдықтауға көмектесуді сұрады. Одан бөлек, шектеуден реттеуге көшіп, бизнес нысандарын қайта жандандыру керек және рестораторлардың карантиндік талаптарды орындау мақсатында әзірлеген ұсыныстар пакетін қарастыру қажет деп санайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той #карантин