$ 494.87  520.65  4.91

Жамбылдағы жарылыстан мерт болғандардың отбасыларына 15 миллион теңгеден берілетін болды

Сондай-ақ, осы отбасылардың банкте несиесі болса, соны да өтеу жағы қарастырылады.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы AIBAT жаңалықтар қызметіне эксклюзивті сұхбат беріп, осындай ақпарды жеткізді. Айтуынша, 15 млн теңгенің 5 млн-ны жергілікті, ал 10 млн-ны республикалық бюджеттен бөлінбек, деп хабарлады AIBAT жаңалықтар қызметі.

Сондай-ақ, осы отбасылардың банкте несиесі болса, соны да өтеу жағы қарастырылады. Қазір қаржы ұйымдарымен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Қосымша пәтер кезегінде тұрғандары болса, оларға жәрдем беру қолға алынады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары