"Отбасы банк" еліміздегі "Шаңырақ" тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау тоқтатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Отбасы банк" 9 қыркүйектен бастап "Шаңырақ" пилоттық жобасы арқылы баспанаға өтініш қабылдауды тоқтатпақ. Өйткені бұл бағдарламаға мемлекеттен бөлінген қаржы толық игерілген.
Негізі "Шаңырақ" жобасы арқылы әкімдікте үй кезінге тұрғандарға арзан ипотека рәсімделген. Мұнда 5% несие мөлшерлемесі, 10% бастапқы жарна, ал несие мерзімі 20 жыл. Енді пилоттық жоба тоқтатылғанымен "Нұрлы жер" және "Бақытты отбасы" бағдарламалары арқылы өтініш қабылдана береді.
Айта кетсек, "Отбасы банк" жыл соңына дейін үй кезінде тұрған 12 мың адамға пәтерге несие беруді жоспарлап отыр.