Ресей мен Беларусь президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенконың келіссөздері аяқталды. Келіссөз шамамен үш жарым сағатқа созылды. Путин одақтас мемлекет шеңберіндегі интеграция туралы барлық 28 одақтық бағдарлама бекітілгенін айтты, жазады Orda.kz.
Владимир Путиннің айтуынша, бағдарламалар екі елдің шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметі жағдайларын теңестіруге, бірыңғай қаржы және энергетика нарықтарын, көлік кеңістігін құруға, жалпы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы саясатын қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған.
Путин Одақтық мемлекеттің жоғары мемлекеттік кеңесінің қарауына шығарылатынын айтты. Кеңес отырысы жыл соңына дейін өтуі тиіс.
"Ресей мен Беларусь жанама салықтарды алудың жалпы принциптері туралы келісімге қол қоюға ниетті. Одақтас мемлекет шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін енгізу жоспарлануда. Болашақта бірыңғай ақша-несие саясатын қалыптастырудың, валюталық реттеуді жүзеге асырудың, ұлттық төлем жүйелерін интеграциялаудың және ортақ төлем кеңістігі, біріккен парламент құрудың жалпы бағыттары анықталды", – деп толықтырды Владимир Путин.