13.09.2021, 11:20

Қожағапанов вице-министр қызметінен босатылды

Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Мәдениет және спорт министрі Ақтота Райымқұлова мен Қожағапановтың басшылығымен өткен Токио-2020 Олимпиада ойындары Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталды. Ойынға еліміздің 93 спортшысы қатысты. Қазақстан құрамасының соңғы нәтижесі – сегіз қола медаль және 83-ші командалық орын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиададан кейін «соңғы нәтиже Қазақстанның спорттық әлеуетіне және мемлекеттің спортты дамытуға қомақты қаражатқа сәйкес келмейтінін» айтты. Ол «спорт секторы тез әрі тиімді реформаларды қажет ететінін» атап өтті.

Сондай-ақ, жақында «Астана» футбол клубының бұрынғы бас директоры Давид Лория отставкаға кеткеннен кейін Тоқаевқа хат жазды, онда Мәдениет және спорт вице министрі Ерлан Қожағапановтың оның жұмысына араласып, «оның көмекшілерін» тағайындауға тырысқанын мәлімдеді.

Ол енді ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Тегтер: отставка