$ 444.22  476.38  4.82

Еліміздегі білім сапасының Қырғызстаннан төмен екені рас па?

Желіде АҚШ-тың "CeoWorldMagazine" журналы 2020 жылы дайындаған білім беру жүйесінің сапасы бойынша рейтингі жарияланды.

Білім және ғылым министрлігі білім сапасы бойынша рейтингке жауап берді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Желіде АҚШ-тың "CeoWorldMagazine" журналы 2020 жылы дайындаған білім беру жүйесінің сапасы бойынша рейтингі жарияланды.

Бұл "рейтингте" біздің еліміз Қытай, Малайзия және Әзірбайжан сияқты елдердің алдында шыққанымен, Ресей мен Қырғызстаннан төмен тұр. Қазақстан 62-орынға тұрақтаған, — деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева.

Оның айтуынша, "рейтинг" ресми мәліметтер мен әр елдегі білім сапасына қатысты зерттеулерге негізделмеген.

Журналдың өзінде айтылғандай, бұл рейтинг студенттерге, өнеркәсіп пен бизнес өкілдеріне сауалнама жүргізу арқылы жасалған. Ол жерде, тіпті, білім алу үшін ел таңдағанда "рейтингті" ескермеу керектігі айтылған,— дейді министрлік өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары