$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев екі күндік сапармен Маңғыстауға келді

Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

"Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев "Отпантау-2021" командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды", - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары