Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
"Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев "Отпантау-2021" командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды", - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.