$ 494.87  520.65  4.91

Президент Маңғыстаудағы 12 ауылды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырды

Бұл жұмыстың қарқыны өте баяу. Әкімдікке келесі жылдың соңына дейін осы 12 ауылдың бәріне таза су беруді тапсырамын.
Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді, деп жазады nur.kz порталы. 

Оның барысында президент облыстағы өзекті проблемалардың бірі – өңір тұрғындарының әлі күнге дейін сапалы ауызсумен толық қамтамасыз етілмегенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірде қыруар қаржының түрлі қымбат ғимараттар салуға және басқа да мақсаттарға жұмсалып жатқанын атап өтті. 

Оның айтуынша, бұл да керек, бірақ, ешқайсысы судан маңызды емес. "Мен жолдауымда Кендірлі елді мекенінде су тұшыту зауытын салуды тапсырған болатынмын. Үкімет "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, 2024 жылдың соңына дейін зауытты іске қосуы керек. Ауылдық жерлер әлі күнге дейін сапалы ауызсуға мұқтаж. Облыстағы 12 елді мекенде, яғни ауылдардың 20 пайызында ауызсу жоқ. Биыл 4 ауылға ғана су жеткізу жоспарланған. Бұл жұмыстың қарқыны өте баяу. Әкімдікке келесі жылдың соңына дейін осы 12 ауылдың бәріне таза су беруді тапсырамын", – дейді президент. 

 Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай суға деген сұраныс арта түсетінін айтты. Осы орайда президент Ақтау қаласын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін үкімет пен өңір әкімдігіне "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" кешенін жаңғырту жөніндегі іс-шаралардың шұғыл жоспарын әзірлеуді тапсырды. 

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің біліксіздігінен "Каспий" су тұшыту зауытының қуатын арттыру жобасының жүзеге асырылуы созбалаңға салынып кеткенін және жобаның құны көтерілгенін сынға алды. Президент жыл соңына дейін аталған жобаны аяқтауды тапсырды. 
 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары