Саясат 23.09.2021 сағат 16:40

Тәшеневке «Халық қаһарманы» атағын беретін кез келді

Қазақтың Жұмабек Тәшеневтен аяры болмаса керек! Сіздің қолдайтыныңызға сенімдіміз!
Тәшеневке «Халық қаһарманы» атағын беретін кез келді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу


Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.К.ТОҚАЕВ мырзаға хат

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қазақстан мемлекетінің іргетасын қалаған Алаш Азаматтарының аруағы ардақтала бастағанына, республика астанасында жарасымды ескерткіштері орнатылып жатқанына бек қуаныштымыз!

Ұр да жық Хрущевтың пасық пиғылына жанпидалықпен қарсы тұрып, «Тың өлкемізді» Ресейге бергізбей, қазақ жерін алдағы уақытта бөлшектелу қаупінен аман сақтап қалған ұлы тұлға Жұмабек Тәшенев ағамызға Елордада ескерткіш қойылғанын естіп, көріп және бір шаттандық!

Осы орайда жазылған бұл хатымыз – Жұмабек Тәшенев марқұмға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағын беру әбден жөн болар еді деген тілегіміз.

Қазақтың Жұмабек Тәшеневтен аяры болмаса керек! Сіздің қолдайтыныңызға сенімдіміз!

Екінші жәйт: Хрущевтың Маңғыстауды Түрікменстанға беруіне қаймықпай қарсы шығып, дайындалған құжатқа қол қоймаған Шаһмардан Есенев марқұмның атын Елораның көрнекті бір алаңына, көшесіне немесе Жоғары оқу орындарының біріне беруді де ескеріңіз!

Мыңбай Рәш,
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Құрметті жазушысы

Уахап Қыдырханұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы, тарихшы, аудармашы

Ғаббас Қабышұлы, Халықаралық әдеби «Алаш» силығының иегері, Қазақстанның Құрметті журналшысы, жазушы, аудармашы

Abai.kz
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар