$ 498.34  519.72  4.85

«Дін саласындағы беспределді тоқтататын уақыт келді» - қоғам белсендісі

Еліміздегі діннің дамуы жай ғана мейірімді дін емес, радикалды исламизацияға айналып барады! Исламистерді тәрбиелеуді тоқтатып, зайырлылыққа бет бұруымыз қажет!

Фейсбук қолданушысы Әмина Смағұлова өзінің парақшасында діни білім алып жатқан балалардың бейнежазбасымен бөлісті. Бұл жазбадан кіп-кішкентай балалардың әрбір мұсылман білуі тиіс деп есептелетін «Раббың кім, дінің не, кітабың қандай?» деген сұрақтарға хормен жауап беріп жатқанын байқауға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісінің айтуынша, ойлау қабілеті әлі қалыптаспаған кішкентай баланы діннің догмаларымен басын қатыруға болмайды! Сондай-ақ ол мұндай әрекеттердің нағыз қастандық екенін айтады. 

«Мынау не деген сұмдық! Не деген масқара! Тәуелсіз Қазақстанда балалардың санасын осыншама дінмен улаудың не қажеті бар? 

Критикалық ойлау қабілеті әлі қалыптаспаған кішкентай баланы діннің догмаларымен басын қатыруға болмайды! Бұл нағыз қастандық! 

Мұндай балалар оқу мен ғылымды меңгеруге арналған алтын уақытын тек қана о дүниені ойлап, қорқынышпен үрейде жүріп өткізіп алады. Ешқандай математика, физика, химия керек емес. Күні түні о дүние азаптарын «зерттеп» өскен бала қоғамдағы «кәпірлерді» жек көріп өседі. Кейін мұндай дін қуып өскен балалар радикал, экстремис болуы ықтимал! 

Біз осы қайда бара жатырмыз? 

Осындай балалар өсіп, елімізде діни фанатиктер көбея береді!», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол бұлай кете берсек, көп ұзамай Ауған, Сирия секілді қараңғы елге айналатынымызды айтқан. 

«Дінді қуа беретін болсақ, кәдімгі Ауған, Сирия сияқты қараңғы, соғыстан көз ашпайтын халыққа айналамыз! 
Ауғанстанда тәлиптер ислам мемлекетін құрып жатыр. Сонда ислам мемлекетін құрғанда не болып жатыр? Біресе әнші, суретші, ғалымдарды, күнде біреуді өлтіріп жатқанын естіп жатырмыз. Әйелдер тауарға айналып, 8-9 жастағы қыз-балаларды содырлар мәжбүрлеп қатын ретінде алып жатыр. Мәдениет, ғылым, тарих тб қоғамның құндылықтары жойылып, құлдық жүйе дамып, билік шариғат заңдары орнап жатыр. Енді кез-келген адамды таспен атып, өлтіру, зорлау, сату, педофилия, гомосексуализм тағы басқа қылмыстар заңды түрде бекітіледі. Өркениет, зайырлылық атымен жойылады! 

Діни фанатиктердің арқасында біз де осыған жақындап келеміз. Осылай жалғаса берсе, ұлтымыз жойылады, барлығымыз арабша сөйлеп, сақал өсіріп, дамбал, қара қаптар киіп арабтардың құлдарына айналамыз. 
Еліміздегі діннің дамуы жай ғана мейірімді дін емес, радикалды исламизацияға айналып барады!

Инстаграмм, басқа желілер толған уағыз! Қаптап жатқан мешіттер, қайырымдылық қорлар, ислами курстар. Қазіргі уақыттағы дін саласында беспределды тоқтататын, барлығын реттейтін уақыт келді емес пе?! Ауғанстан мен Сирияның соғыстары бізге сабақ болуы тиіс! Исламистерді тәрбиелеуді тоқтатып, зайырлылыққа бет бұруымыз қажет! Дін саласындағы Заң өзгертіліп, шара қабылданбаса, кеш болады!», - деп атап өткен жазба авторы. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Салафизм #дін