Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының 41 жастағы тұрғынын атып кеткен қылмыскер іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Оқиға 20 қыркүйекке қараған түні болған, деп жазады Telegram желісіндегі Патриот ақпараттық парақшасы. Марқұмның досы қылмыскер жайлы ақпарат іздестіруде.
Бауыржан Жақыпов әйелі екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр еді. Ол ешкіммен ерегескен емес, дұшпаны да жоқ. Оның өз шаруа қожалығы болды. Айналасының бәрі оны құрметтейтін, - деп жазады марқұмның досы.
Сәтпаев қаласының тұрғыны түнде дарбазасын жабуға шыққан. Белгісіз біреу оған тапанша кезеп, 2 рет оқ атады. Біршама уақыттан кейін үйіне қарай қашқан жігітті қылмыскер 6 рет атып, артынан қуып жетіп екі жерінен пышақтаған.
Осы іске қатысты ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер әлі табылған жоқ.