$ 494.87  520.65  4.91

«+7 деген Қазақстанның коды. Оны Ресейге бермеу керек еді»: экс-шенеунік +997 DEF-кодына көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Осы санды сақтап қалу үшін жеке өзім біраз тер төгіп, күш жұмсадым.

Еліміздің бұрынғы Көлік және коммуникация министрі, "Қазақтелеком" компаниясының экс-басшысы, физика-математика ғылымдарының докторы Серік Бүркітбаев Қазақстанның +997 DEF-кодына көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Серік Бүркітбаевтің айтуынша, ол еліміздің телефон коды ауысқанын естігенде қатты өкініпті. Себебі 1999 жылы Қазақстанды +7 аймағында қалдырып, екі санды +77 телефон кодын сақтап қалу үшін қыруар еңбек еткен.

Халықаралық Электр байланысы одағының бекітуі бойынша, қазір телефон кодының саны 15-тен артық болмауы керек. Мысалы +12345678912345. Одан артық сан қоса алмайсыз. Бұл кодтағы бірінші тұрған сан абоненттің қай елде емес, қандай географиялық аймақта тұрғанын көрсетеді.

"Мәселен +1 саны Солтүстік Америкаға бекітілген. Яғни ол осы аймақтағы Канада мен АҚШ-қа тиесілі. Еуропада мемлекет саны көп болғандықтан, оларға +3 пен +4 коды берілді. А +7 саны Орталық Еуразияның географиялық коды, былай айтқанда бұрынғы КСРО-ның саны. Басында Кеңес одағына мүше болған барлық елде +7 болды. Кейін бұл сан тек Ресей мен Қазақстанда қалды. Мен осы санды сақтап қалу үшін жеке өзім біраз тер төгіп, күш жұмсадым. Ресейлік серіктестер бізге жеңілдік жасап, +7 санын жұптасып пайданалуға келісті", — дейді Серік Бүркітбаев.

Бұрынғы Байланыс министрі Қазақстан аумағынан шетелге телефон соққанда "Ресей" деген жазу шығатынына да тоқталды.

Бұл мәселенінің шешімі оп-оңай. Тиісті органдар мен компанияларға қосымша құжат пен өтініш жазса, бұл жазуды түзетіп береді. Себебі бірінші жетіден кейін тағы бір жеті бар. Ол енді тек біздің елге бекітілген сан. Яғни Қазақстанның жеке коды +77, - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, +77 коды әдейі таңдалды. Себебі "7" түркі және қазақ мәдениеті үшін өте қастерлі сан. Осы тұста ол екі және үш санды кодтардың айырмашылығын түсіндіре кетті.

"Екі таңбалы DEF-коды тек дамыған әрі беделді мемлекеттерде бар. Мысалы Қытайда +82, Германияда +49, Франция +33 деген сияқты. Бұл қатарда Қазақстан да бар еді. Енді еліміз бұл тізімнен шығып қалады. Біз көршілеріміз Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстандарға қосылып, үш таңбалы +997 санын иелендік. Ал Ресей +7 кодында қалған жалғыз ел болып қалды. Осылайша тарихта болмаған жағдай болды. Яғни бір мемлекетке бүкіл географиялық аймақтың коды тиесілі", - дейді Бүркітбаев.

Оның айтуынша, үш таңбалы DEF-коды еліміздің абоненттік базасын қысқартты.

Телефон нөмірі деген - ресурс. Мысалы қазір Қытайда телефон базасы толып қалудың алдында тұр. Себебі бәрі 15 санмен шектелген. Осы жерде екі және үш санды кодтың пайдасы көріне бастайды. Былай айтқанда, біз абоненттік базамызды он есеге қысқарттық, - деді Серік Бүркітбаев Baitassov Live YouTube-каналында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары