Соңғы 5 жылда Қазақстаннан 188 мың 806 адам көшіп кеткен. Көшіп кетушілердің саны 2019 жылы көп болған. Бұл жылы шетелге 45,2 мың қазақстандық қоныс аударған екен. Ал биылғы қаңтар-маусым аралығында бері 15 мыңға жуық отандасымыз шетелге көшіп кетіпті.
Көшіп кетушілердің дені жаңа отаны ретінде Ресейді таңдапты. Сол секілді Германияға көшушілердің саны көбейген. Шетелге көшкендердің арасында жоғары техникалық білім барлардың үлесі басым. Сондай-ақ шетелге қоныс аударушылардың арасында жоғары білімді экономистер, педагогтар, медициналық қызметкерлер, заңгерлер де бар.
kznews.kz