Қызылордада басқарма басшысы 8 миллион теңге парамен ұсталды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Аталған дерек туралы Чиновник телеграм-каналы жазды. Ондағы мәлімет бойынша, Қызылорда облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ҚР Қылмыстық Кодексінің 367-бабы, 3-бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ірі мөлшерде пара беру) күдікті ретінде ұсталған.
"Басқарма басшысы Қызылорда қаласы прокуратурасы қызметкерлерінің біріне мамандандырылған спорт мектептеріне жүргізілген талдау бойынша оң баға бергені үшін 8 миллион теңге көлемінде пара берген" делінген хабарламада.